Суббота, 20.04.2024, 11:06Приветствую Вас Гость | RSS
М.Жумабаев атындағы №15Мектеп
Бастама
Іздеу
Баскада сайттар
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    сайты колеса машины компьютер Программы для Компа банки БТА банк Билайн Билайн центр К.Тарихы шпоры 15 школа №15 М.Жумабаев мектеп №15 школа в карте))
    Мәлімдеме

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Қазақща анекдоттар


    Қазақша анекдоттар


    Емханада:

    - Бір операцияға 10 мың доллар тым көп емес пе? Мен бала-шаға асырап отырған адаммын ғой.
    - Біз де бала-шағамыз аш отырмасын деп жүрміз ғой.
    ******



    - Иттің инфаркт алуы мүмкін бе?
    - Егерде оған адамға жасаған жағдайды жасасаң, әбден мүмкін.
    *****



    - Дәрігер мен есте сақтау қабілетімді жоғалтым-ау деймін.
    - Қай уақыттан бастап?
    - Былтырғы жылдың 16 желтоқ­санында сегізден он бес минут кеткенде. Ол күн жұма болатын.
    *****



    Митингіде соққыға жығылған адамды моргке апара жатыр.
    - Мен әлі өлген жоқпын.
    - Біз де әлі жеткен жоқпыз.
    ***



    Көше тәртібін бұзып, сол жақпен кетіп бара жатқан көлікті МАИ қызметкері тоқтатады.
    - Жол ережесін өрескел бұзып, қайда асығып бара жатырсыз?
    - Оны өзім де білмеймін. Не де болса кешіккенім анық. Өйткені бәрі кері қайтып келе жатыр.
    ******



    Машинамен жолда келе жатқан ерлі-зайыптылар МАИ қызметкерлерін жиі кездестіреді.
    Әйелі:
    - Бұл көшедегі МАИ-дың барлығы семіріп кеткен бе, немене? – деп таңданса керек.
    Күйеуі:
    - Олар бронежилет киіп тұрған шығар – дейді.
    Әйелі:
    - Қойшы тегі, беттеріне де киіп алған ба? – депті.
    *******



    Жолаушыларға лық толы автобус. Бір аялдамадан автобусқа мінген кемпір алдыңғы қатарда отырған жас жігіттің қасына келіп тұрады. Жас жігіт әлгі кемпірден:
    - Апа, аяғыңыз ауырып тұр ма? – деп сұрапты.
    - Иә, айналайын, аяғым сырқырап ауырып тұр.
    - Апа, жас кезіңізде қарттарға орын беруші ме едіңіз?
    - Иә, қарағым, үлкен кісінің автобусқа кіргенің көрсем, отырған жерімнен қарғып тұрып орын беретін едім.
    - Е-е, жас кезіңізде қарттарға орынды көп бергендіктен ғой аяғыңыздың ауыратыны...
    *******



    Заулап келе жатқан көлікті тоқтатқан МАИ қызметкері жүргізушіге:
    - Жылдамдықты арттырған үшін салынатын айыппұл көлемін білесің бе?
    - Жоқ.
    - Ендеше біліп қой – 20 мың!
    - Қауіпсіздік белбеуін тақпаса ше?
    - Онда 7 мың бересің!
    - Ортадағы бөлі сызығын қиып өтсе ше?
    - Оған? Кемінде 10 мың!
    - Ішіп алып айдағандарға не істейсіңдер?
    - Правосын алып қоямыз.
    - Ал бірден қатты жылдамдықпен, белбеу тақпай, сызықты кесіп өтіп, ішіп алып көлік айдаса не болады?
    - Онда «бинго» болады!
    ******



    Бір байдың көлігі аяқастынан бұзылып қалып автобусқа отыруына тура келеді. Кондуктор:
    - Клара Цеткин, түсеміз! Лев Толстой, дайындаламыз!
    Сәлден кейін:
    - Чапаев, дайындаламыз!
    - Бауырым, менің аты-жөнімді қашан айтасың, мен қазір түсуім керек.
    ******



    Білгім келген бір сұрақ:
    - Қытай мен МАИ қызметкерінің ұқсастығы неде?
    - Екеуі де тамақты таяқпен жейді.
    ******



    Жол бойында МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, жүргізушіге:
    - 100 доллар беріңіз. Әйтпесе сіздің көлігіңіз бен өзіңізді де қамауға аламыз.
    - Басеке, мен ереже бұзған жоқпын ғой.
    - Маған не қыл дейсің. Сен қашан ереже бұзады деп күтіп жүреді екенбіз ғой, сол...
    *****



    МАИ инспекторы «Мерседес» көлігін тоқтатты.
    Мәшинеден «жаңа қаз­ақ» шықты. Инспектор:
    - Ішіп алыпсың ғой. Қане, үрле!..
    «Жаңа қазақ» қалтасынан жүз доллары алып ұсынды.
    - Түкке түсінбей тұрмын. Тағы бір рет үрле!
    «Жаңа қазақ» енді елу доллар береді.
    « -Түу... ештеңе түсінер емеспін, бірінші жолғыдай қайта үрлеші!
    ****



    90-нан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала-шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:
    - Ә...Жатырмысың...Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе...
    Жатқан шал:
    - Қане? - деп басын көтерген екен...
    *******



    Бір шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:
    - Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті.
    Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі:
    - Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме? - деген екен.
    *****



    Сот:
    - Айыпкер, сіз бір дүкенге үш рет ұрлыққа түсуіңіздің себебі неде?
    Айыпкер:
    - Бірінші мәрте әйеліме көйлек алдым. Одан кейін әйелім «көйлекті ауыстырып кел!» деп екі рет жұмсады. Бітті! Бар болғаны осы....
    *******



    Сот залында:
    - Сіз мына кісінің туысқанысыз ба?
    - Иә, бірақ біздің арамыз аса жақын емес. Алыс туысқаным болады ол маған. Біз бір үйде 15 бала өстік. Бұл кісі үйдің тұңғышы болса, мен – кенжесімін.
    ******



    - Алло! Полиция ма? Мен шағымданайын деп едім. Бірнеше күннен бері менің үйіме қорқытып жазылған хаттар келуде.
    - Мм... Кімнен екенін білесіз бе?
    - Нақты кімнен екенін айта алмаймын, бірақ қол қойылған.
    - Кімнің қолы?
    - Салық комитетінің бастығының...
    ******
    Ауыл. Түн іші. Біреу есік қағады:
    - Сізге отын керек пе ?
    - Жоқ. Керек емес.
    Таңертең үйдің иесі есік алдына шықса, біреулер қысқа деп дайындаған отынды үптеп кетіпті.
    ******



    Бір шетелдің қылмыскерден жергілікті тергеушілер жауап алып отыр:
    - Алтынды қайда тықтың?
    Аудармашы:
    - Алтынды қайда тықтың?
    Қылмыскер:
    - Айтпаймын!
    Аудармашы:
    - Ол айтпайды!
    Тергеуші:
    - Егер алтынды қай жерде екенін айтпасаң, біз сені өлтіреміз!
    Аудармашы:
    - Алтынның қай жерде екенін айтпасаң, олар сені өлтіреді!
    Қылмыскер:
    - Алтынды үйдің алдына, табалдырықтың астына көмгенмін.
    Аудармашы:
    - Атыңдар, оң­ба­ғандар, бәрібір айтпаймын!!!
    *****



    Сот залында:
    - Театрға ішіп алып барғаның­ыз­ды мойындайсыз ба?
    - Мойындаймын! Сау болсам, театрға жолап нем бар?!
    ******



    - Кеше ет комбинатында болып, колбасаның қалай жасалатынын көрдім. Екінші ет жемейтін болдым. Бүгін сүт фермасына барып, сыр, айран, сүттің қандай жағдайда жасалатынын көрдім. Бұдан былай сүт тағамдарына жоламаспын. Осы көргенім жетер! Енді арақ зауытына мені итпен сүйреп апара алмайсың!
    ******



    Әйелі күйеуіне:
    - Арақты кесемен ішетін жағдайға жеткенсің бе?
    - Дәрігер стақанды қолыңа алушы болма деді емес пе?!
    ********



    Дүкендегі оқиға.
    - Маған бір шөлмек арақ беріңізші.
    - Ал сен 18-ге толдың ба?
    - Ал сізде ішімдік сатуға лицензия бар ма?
    - Не болды ашуланып, бар ғой...
    ********



    Бір жігіт дүкен әкімшілігіне шағымданып жатыр:
    - Сіздер неге халықты алдайсыздар?
    - Жала жабуға болмайды, біз не деп алдадық?
    - Сіздер кір жуатын ұнтақтың қорабына, «сыйлық ретінде 100 грамм тегін аласыз» деп жазып қойыпсыздар. Ашып қарадым, ішінде ұнтақтан басқа ештеңе жоқ. 100 грамы қайда?
    ***



    Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
    - Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші! Лев Толстой деген классикті білесің бе?
    - Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой...
    ********



    Мұғалім оқушыға:
    - Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
    - Шешемнің қолы тимейді.
    ******



    Екі жігіттің әңгімесінен:
    - Арақтың зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын...
    - Арақты ма?
    - Жоқ, кітап оқуды.
    ******



    Екі студент әңгімелесіп отыр.
    - Егер декан маған айтқан сөзін қайтып алмаса, онда мен университеттен кетемін.
    - Ол саған не деп еді?
    - «Университеттен жоғал» деген!
    ***********



    Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы айналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға:
    - Су әкеліңдер, су әкеліңдер, - дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
    - «Аналарға сумен қоса нан ала келіңдер» деп айта салыңызшы, - дейді сыбырлап.
    *****



    Оқытушы :
    - Айдаров, лекцияға неге кешігесің?
    - Кешіріңіз, ағай, ұйықтап қалыппын.
    - Өй, сен үйіңде де ұйықтайсың ба?!
    ******



    Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор:
    - Сіздің аты-жөніңіз?
    - Бектұров (студент жымиып күледі).
    - Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?
    - Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.
    *****



    Әкесі мектепте оқитын баласы­ның күнделігін тексеріп жатыр:
    - Физикадан – 2, математикадан – 2, географиядан – 2, тарихтан – 2, ән сабағынан – 5... Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей?
    ******



    Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
    - Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
    - Не дейсің?
    - Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
    Кіру формасы
    Күнтізбе
    «  Апрель 2024  »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
    1234567
    891011121314
    15161718192021
    22232425262728
    2930
    Сауалнама
    Сеніңше қай мектеп ең дарынды?
    Всего ответов: 9
    Шаралар